×

Дәулет Тұрлыханов қырғыз балуандары бір бас жоғары тұрғанын мойындау қажет екенін айтты

Депутат спорттағы салафизм туралы да пікір білдірді

Дәулет Тұрлыханов  қырғыз балуандары бір бас жоғары тұрғанын мойындау қажет екенін айтты
Qaz365.kz коллажы

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов КТК арнасында журналист Дина Төлепбергенге берген сұхбатында отандық балуандар не себепті биік шыңдарды бағындыра алмай жатқанын түсіндірмек болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз отыз салмақ категориясында күрестің үш түрінен 29 балуан алып бардық. Мойындауымыз керек, көршілес қырғыз балуандары бізден бір бас жоғары болып кеткен. Біздің балуандардың жағдайы жоқ, жарыстарға қатыса алмайды деп айта алмаймыз. Облыстық, мемлекеттік деңгейде қаражат бөлініп жатыр. Күрес федерациясы екі жылда бірталай нәтижеге жетті. Келесі жылы Олимпиада ойындары күрес деңгейінің қандай екенін көрсетеді», - дейді Дәулет Тұрлыханов.


Депутаттың өзі Қазақстан күрес федерациясын басқарады. Айтуынша, мектеп мұғалімдерінің жалақысын көтергенімен, бапкерлердің жалақысы көтерілмеген.


«Спортта да салафизмнің жайлап жатқан жайы барын байқайсыз ба?» деген сұраққа Күрес федерациясын басқаратын депутат бапкерлермен, спортшылармен осы әңгімені қозғағанын айтады. 


«Кездесу өткізген кезде біз айтамыз: әркім өз таңдауын жасайды, бірақ жаттығу барысында кедергі кедергі жасамаса болды. Екіншіден, мұны әңгімелеп, жарнамалап, үгіттеп жүрсе айтамыз – намаз оқысаң оқы, бірақ жаттығуыңа, жарысқа мұның кедергі болмауы керек деп айтамыз. Біріншіден дінде жүрген адам таза, екіншіден тәртіпті, жинақы болуы керек. Ойым сондай. Үкімет тарапы бұл сұрақтармен айналысуы керек. Қоғамда ондай орындар бар шығар. Бірақ насихаттап, үгіттеп, адамдарды дінге шақырып, дінді таңдап алыңдар дегенге қарсымын», - дейді Дәулет Тұрлыханов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →