×

Дәулет Тұрлыханов спорттағы сәлафизмге қатысты пікір білдірді

Қазақстан Үкіметі спорт саласындағы деструктивті діни идеологиямен күрескелі жатқаны бұған дейін хабарланған болатын

Дәулет Тұрлыханов спорттағы сәлафизмге қатысты пікір білдірді
Qaz365.kz коллажы

Дәулет Тұрлыханов спорттағы сәлафизмге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Спортта да салафизмнің жайлап жатқан жайы барын байқайсыз ба?» деген Дина Төлебергеннің сұрағына Күрес федерациясын басқаратын депутат бапкерлермен, спортшылармен осы әңгімені қозғағанын айтады. 

«Кездесу өткізген кезде біз айтамыз: әркім өз таңдауын жасайды, бірақ жаттығу барысында кедергі кедергі жасамаса болды. Екіншіден, мұны әңгімелеп, жарнамалап, үгіттеп жүрсе айтамыз – намаз оқысаң оқы, бірақ жаттығуыңа, жарысқа мұның кедергі болмауы керек деп айтамыз. Біріншіден дінде жүрген адам таза, екіншіден тәртіпті, жинақы болуы керек. Ойым сондай. Үкімет тарапы бұл сұрақтармен айналысуы керек. Қоғамда ондай орындар бар шығар. Бірақ насихаттап, үгіттеп, адамдарды дінге шақырып, дінді таңдап алыңдар дегенге қарсымын», - дейді Дәулет Тұрлыханов.


Еске сала кетейік, Қазақстан Үкіметі спорт саласындағы деструктивті діни идеологиямен күрескелі жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Атап айтқанда, Үкімет спорт саласындағы діни жат идеологияның таралуын шектеу үшін жол картасы жобасын дайындады. 2023-2025 жылдарға арналған құжат құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенованың деструктивті діни ағымдарды шектеу жөніндегі депутаттарға берген жауабында жазылған. Дүйсенованың хабарлауынша, қазіргі таңда уәкілетті орган құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, жүйелі күшейтіп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазақстандық теннисшінің орнына өзге спортшы қатысады
Байқоңыр ауданында бес шағын сәулет нысаны орнатылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →