×

"Негіздеме дайын". Қазақстан Үкіметі спорт саласындағы деструктивті діни идеологиямен күреспек

Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенованың жауабында жазылған

"Негіздеме дайын". Қазақстан Үкіметі спорт саласындағы деструктивті діни идеологиямен күреспек
коллаж Qaz365.kz

Қазақстан Үкіметі спорт саласындағы деструктивті діни идеологиямен күреспек, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Үкімет спорт саласындағы діни жат идеологияның таралуын шектеу үшін жол картасы жобасын дайындады. 2023-2025 жылдарға арналған құжат құзырлы органдар өкілдерінің қатысуымен әзірленген.

Бұл туралы вице-премьер Тамара Дүйсенованың деструктивті діни ағымдарды шектеу жөніндегі депутаттарға берген жауабында жазылған. Дүйсенованың хабарлауынша, қазіргі таңда уәкілетті орган құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, жүйелі күшейтіп жатыр. 

«Бұл ретте, деструктивті діни идеологияның халық арасында таралуына жол бермеу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылуда. Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен 2023-2025 жылдарға арналған спорт саласындағы деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған жол картасының жобасы әзірленді», - делінген жауапта.

Сонымен қатар, интернет желісінде ақпараттық-профилактикалық және қарсы насихат жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында әдістемелік ұсыным әзірленіп, өңірлерге жіберілген.

Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарында теолог мамандарды даярлауды жүзеге асырып келеді. Осы тұрғыда кәсіби мамандарды даярлау, теологтардың біліктілігін арттыру, оларға қойылатын талаптарды біріздендіру қолға алынбақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Париж-2024: Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?
Бүгін, 10:49

Париж-2024: Бүгін кімдерден жүлде күтеміз?

Жерлестерімізге жеңіс тілейміз

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →