Ханчжоуда Пара Азия ойындары басталды
Ханчжоудағы Пара Азия ойындарынан Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Пара дзюдодан 48 келі салмақтың J2 санатында бақ сынаған Ақмарал Науатбек топ жарды. Көзі нашар көретін Ақмарал пара дзюдодан Азия ойындарында чемпион атанған алғашқы қазақ спортшысы.
Отандасымыз Ханчжоу татамиінде алдымен жапон қызын, сосын Үндістан спортшысын иппонмен жеңді. Финалда Қытай қызынан басым түсті.
Ал Әнуар Сариев 60 келіде қола медаль алды.
Сондай-ақ пара пауэрлифтер Давид Дегтярев те алтын жүлде сыйлады.
Ол 54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап, 187 келіні көтерді.
Екінші орынды иеленген қытайлық Янг Jinglang 185 келіні еңсерсе, үштіктен вьетнамдық спортшы Ан Нгуен көрінді (184 келі).