×

Азия пара ойындары: Дастан Мұқашбеков Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды жеңіп алды

Бұл – Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі

Азия пара ойындары: Дастан Мұқашбеков Қазақстан қоржынына алтыншы алтынды жеңіп алды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық спортшы Дастан Мұқашбеков Ханчжоуда өтіп жатқан Азия пара ойындарында жеңіл атлетикадан (ядро) алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, спортшының нәтижесі – 15,74 м.

Сондай-ақ осы санатта қазақстандық Иван Зелезняк 12,39 м нәтижесімен қола медаль жеңіп алды, ал екінші орын БАӘ спортшысына бұйырды.

«Дастанды жарқын жеңісімен құттықтаймын! Бүгін ол кәсіби тұрғыда шеберлігі мен жеңіске деген сенімділігін айқын көрсетті. Оған болашақта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуін тілеймін», – деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, бұл – Азия пара ойындарындағы Қазақстан құрамасының алтыншы алтын медалі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл
Бүгін, 04:47

Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл

Ол Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Марат Мықтыбековпен бірнеше рет кездесіп, мәселені көтергенін жеткізді.
Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.
Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →