×

Президент хабарласты. Магомед Адиев Данияны жеңгеннен кейін не болғанын айтты

Наурызда Магомед Адиев шәкірттері Даниядан 0:2 есебімен жеңіліп жатып,
3:2 есебімен камбэк жасаған болатын

Президент хабарласты. Магомед Адиев Данияны жеңгеннен кейін не болғанын айтты
Фото ашық дереккөзден

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев наурыз айындағы Даниямен өткен тарихи ойын туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Данияны жеңдік. Ертеңінде президент хабарласты (ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов). «Магомед, халың қалай? Маған бүкіл облыс әкімдері хабарласып құттықтап жатыр. Не істегеніңді түсінесің бе?» – деді. Мен «Даниядан басым түстік, үш ұпай еншіледік» деп айттым. Ол «қайдағы Дания?» деп, жарты елдің жұмысқа шықпай қалғанын айтты», – дейді Магомед Адиев  «Коммент.Шоу Казахстан» YouTube  арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Қазақстан Еуро – 2024 іріктеу кезеңінде H тобында өнер көрсетіп жатыр. Құрама 7 турдан кейін 15 ұпаймен үшінші орында келеді. Қараша айында Сан-Марино және Словениямен кездеседі.

Наурызда Магомед Адиев шәкірттері Даниядан 0:2 есебімен жеңіліп жатып,
3:2 есебімен камбэк жасаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →