×

Тоқаевтан көмек сұраған боксшы Қанат Ислам Астанада жекпе-жек кешін өткізеді

Бұл кәсіби бокс кешінде боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек

Тоқаевтан көмек сұраған боксшы Қанат Ислам Астанада жекпе-жек кешін өткізеді
Коллаж: Ulysmedia

Қанат Ислам (29-1, 22КО) келесі жекпе-жегін Астанада өткізбек, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қанат 16 желтоқсанда оралуды жоспарлап отыр. Бұл кеште қазақстандық тағы бір боксшы Садриддин Ахмедов те (13-0, 11КО) жекпе-жек өткізбек.

Қанат Ислам былтырғы қарашадан бері жұдырықтаспады. Сол кездесуде ол америкалық Плант-Ситиде аргентиналық Хавьер Франсиско Масиэланы (34-21, 23КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

16 желтоқсанда Алматыда өтетін бұл кеште Жанқош Тұраров (27-0, 20КО) та жұдырықтаспақ. Ол Алматыда жекпе-жекке шықпақ. Сол күні басқа да қазақстандық боксшылар рингке шығатыны хабарланды.

Еске салайық, жақында белгілі кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кәсіби бокс кештерін өткізе алмай жүргенін айтып, әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы Мемлекет басшысынан көмек сұраған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.
Ол тек Олимпиада чемпионы Лю Хуаньхуадан ұтылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →