×

«Ренішіміз қара қазандай»: Пара Азия ойындарында қола алған депутат пара спортқа ақша аз бөлінетінін айтты

Депутат Кенжеғұл Сейтжан жақында Қытайда өткен Пара Азия ойындарында қола медаль иеленді

«Ренішіміз қара қазандай»: Пара Азия ойындарында қола алған депутат пара спортқа ақша аз бөлінетінін айтты
Фото: parlam.kz

Қытайда өткен Пара Азия ойындарында қола медаль еншілеген депутат Кенжеғұл Сейтжан параспортқа көңіл мен қаражат мемлекет тарапынан аз бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Алтын медаль үшін бардық. Оған бір ғана нәрсе жетпей қалды. Екі жыл бұрын Туризм және спорт министрлігіне велосипед керектігін айтқанбыз. Арнайы құрал. Соның болмағанының салдарынан 300 метрді 7 секундқа ғана ұтылып қалдық. Физикалық және моральдық жағынан әйтпесе дайындалып бардық», – деді ол.

Депутат параспортқа ақша аз аударылатынын нақты сандар арқылы айтып берді.

«Параспортқа соңғы жылда 4,2 млрд теңге бөлінсе, жалпы спортқа 16 млрд теңге бөлінген. Біз, параспортшылар, 41 медаль әкелдік, ал жалпы спорт 80 медаль ғана әкелді. Біз 13-орыннан 11- орынға көтерілдік. Ал жалпы спорт 7-орыннан 11-орынға түсіп кетті. Ренішіміз қара қазандай, бізге кішкене көңіл бөлген дұрыс шығар деп ойлаймыз», – деді ол.

Кенжеғұл Сейтжан параспортшыларға Үкімет тарапынан назардың өте аз екенін атап өтті. Азия пара ойындарынан келгенде Алматы әкімдігі жақсы қарсы алғанын еске алды.

«Бірақ шығарып салған кезге қатысты ойым бар. Параспортшыларға Үкімет тарапынан назар өте аз. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі спортшылар жоқ жарыстарға министр өзі барады. Ал бізге жай ғана комитет басқармасының басшысы барды. Олардың орынбасары болды. Комитет басшылары болған жоқ. Осындай көңіл бөлмеудің нәтижесінде параспорт пен сурдоспорт қатты дамып жатқан жоқ. Бізге көп көңіл бөлінсе, параспортшылар көресіні көрсетеді, медальдің көкесін көрсетер еді», – деді ол.

Айта кетейік, Кенжеғұл Сейтжан жақында Азия Пара ойындарына қатысып, велоспорттан команда құрамында қола медаль иеленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
10.05.2024ж. 17:28

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны
Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →