×

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуі керек пе - алматылықтар бұл жөнінде не ойлайды

Қабылдаушы елге дауыс беру 2023 жылдың мамыр айында өтеді

Қазақстан хоккейден әлем чемпионатын өткізуі керек пе - алматылықтар бұл жөнінде не ойлайды
inbusiness.kz

Қазақстан өз тарихында алғаш рет хоккейден әлем чемпионатын өткізуі мүмкін, деп хабарлайды qaz365.kz.

Норвегияның хоккей федерациясы 2027 жылғы шайбалы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге берген өтінімінен ресми түрде бас тартты. Шараны өткізу құқығы үшін күрес Қазақстан мен Германия арасында жалғасын табады.

Қабылдаушы елге дауыс беру 2023 жылдың мамыр айында өтеді.

Qaz365.kz  редакциясы алматылықтар арасында сауалнама жүргізіп, олардың бұл туралы пікірін білді. 

 

“Негізі өткізу керек. Қазақстанда Азиада, Универсиада, Экспо секілді шаралар өтіп, әлемге танылдық. Осындай спорттық шаралар, мәдени шаралар халықтың көңілін көтереді. Бәрін жамандай беруге де болмайды. Адам демалуы, көңіл көтеруі керек”, – деп санайды Дәурен.

Қала тұрғындарының арасында бұл чемпионатты өткізу қажет емес деп есептейтіндер де бар.

“Бұл чемпионатты өткізу қажет емес. Қазақстанда хоккейдің жақсы дамығанын байқамадым. Елімізде футзал жақсы дамығанын білемін”, – дейді Роза.

Ал кейбір қала тұрғындары хоккейден әлем чемпионатын өткізудің тиімді тұстары да, тиімсіз тұстары да бар деп ойлайды.

“Имидждік оқиға ретінде қарайтын болсақ, әрине, қызықты нәрсе. 2011 жылғы Азия ойындары есімде, кейін тағы бір шара өтті, яғни инфрақұрылым, әлемдік аренадағы имидж қалыптасты. Біз туралы айта бастады.

Бірақ экономикалық тұрғыдан алғанда, жақында Катарда өткен футболдан әлем чемпионаты еске түседі . Мұндай шығындар өтеле ме деген сұрақ туады. Яғни, бұл жерде таяқтың екі ұшы бар.  Бірақ бұл маған тиімсіз болып көрінеді”, – деп пікірін білдірді Рамиль.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →