×

Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері алғашқы ойында жеңіске жетті

Универсиада-2023: Қазақстан хоккейшілері алғашқы ойында жеңіске жетті
sports.kz

2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер алғашқы болып есеп ашты. Ойынның 14-минутында Әли Қасенов мергендік танытты.

Екінші кезең басталғаннан кейін корейлік хоккейшілер таразы басын теңестірсе, 24, 26-минуттарда Кирилл Полохов Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Ал 38-минутта қазақстандық Максим Мухаметов қақпаны дәл көздеді.

Осылайша қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Қазақстандық хоккейшілер В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі.

Аталған топта алғашқы турда АҚШ құрамасы Ұлыбританияны 18:0 есебімен тізе бүктірсе, Словакия хоккейшілері Венгриядан 4:0 есебімен басым түсті.

Енді еліміздің студенттер құрамасы 13 қаңтарда Венгриямен шеберлік байқасады. Одан кейін 16 қаңтарда Ұлыбритания, 17 қаңтарда Словакия, 18 қаңтарда АҚШ құрамасымен ойнайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді
Бүгін, 16:49

Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді

Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →