×

«Барыс» хоккей клубының жылдық бюджеті 2,5 млрд, ал бір ойыншысы 325 млн жалақы алады – Нартай Аралбайұлы

Бұған дейін депутат  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында түсініксіз спорт түрлеріне бөлініп жатқан қаржының тым көп екенін айтқан

«Барыс» хоккей клубының жылдық бюджеті 2,5 млрд, ал бір ойыншысы 325 млн жалақы алады – Нартай Аралбайұлы
olympic.kz

Бүгін Мәжілісте бұқаралық және балалар спортын дамыту мәселесіне арналған жиын өтті. Отырыста депутат Нартай Аралбайұлы миллиондаған жалақы алатын хоккейшілер мәселесін көтерді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

Бұған дейін депутат  Премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында түсініксіз спорт түрлеріне бөлініп жатқан қаржының тым көп екенін айтқан. 

«Қоғам осы күнге дейін спортқа қанша қаржы бөлінетінін білмейді. Менің келтірген деректерімді үлкен шокпен қабылдады. Мұның бәрі спортта ашықтықтың жоқтығын көрсетеді. Осы ретте легионерлерге бөлініп жатқан қаржыны айтайын. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барысының» 2023-2024 жылғы жалақы ведомствосы мынандай: Мысалы, бірінші орында «Барыстың» ойыншысы Эдуард Паскуале деген легионеріміз бір маусымға 65 млн рубль алады екен. Біздің ақшамен 325 миллион теңге. Екінші орындар бойынша Алекс Грант деген легионер 58 миллион рубль алады. Үшінші орындағы Нельсон Ножье деген легионер 35 миллион рубль алады. Сол Нельсон Ножье 2022-2023 жылы 18 миллион рубль алған, енді 35 миллион рубльге айлығы өсіп кеткен. «Барыстағы» ең көп жалақы алатын 29 спортшының алғашқы орындағы тоғызы – легионер», – дейді Нартай Аралбайұлы.

Ол жалпы «Барыс» хоккей клубының бір жылдағы жалақысына 486 миллион рубль кететінін атап өтті.

«Бұл біздің ақшаға шаққанда 2,5 миллиард теңге. Біздегі әлеуметтік жағдаймен қараған кезде бұл әділетті ме? Осындай қымбат легионер жалпы бізге керек пе? 2,5 миллиард теңгені біз тек айлық ретінде хоккейге беруіміз керек пе? Бұл хоккейшілердің маусымдағы салған шайбасы мен ұпай алған ойындары үшін берілетін бонустарды қоспағандағы сандар. Осынша хоккейшілерді ұстайтындай біз бай мемлекет емеспіз ғой. Бұл ақпарат жалған десеңіздер, оны айтыңыздар», – деді депутат.

Жиынға қатысқан Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәжілісменнің айтқанымен келісетінін жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды
Кеше, 18:36

Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-приде күміс жүлдеге ие болды

Бүгін еркін сайыста отандасымыз 182.96 ұпай алды
Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →