×

«Чукча еб**ая»: Ресейлік футбол бапкері қазақ төрешісін балағаттады

Ол бұған дейін павлодарлық «Ертіс» клубында жұмыс істеген.

«Чукча еб**ая»: Ресейлік футбол бапкері қазақ төрешісін балағаттады
Фото: ашық дереккөзден

Жақында Қостанай медиа командалар арасында футболдан жарыс өткен. Оған Ресейден «Амкал» және 2drots командалары келді. Финалда осы турнирді ұйымдастырған Дидар Сыдықбектің «SD Family» командасымен 2drots ойнаған. Қазақстан клубы жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жеңілгеніне көңілі толмаған ресейлік команданың екі бапкері матчқа қазылық еткен қазақ төрешісінің ар-намысына тиетін сөздер айтқан.

Ресейлік 2drots футбол командасының жаттықтырушысы Дмитрий Кузнецов қазақстандық төрешіге: «Чукча еб*ная», – деген. Матчқа отандық Әлібек Мерғазы қазылық еткен.

«Дмитрий Кузнецов көмекшісі ұлтараздықты қоздыратын, қазақтың намысына тиетін сөздер айтқан. Олар Қазақстанның медиа лигасына қатысу үшін 25 миллион рубль төлегенін айтады», – деді блогер әрі қоғам белсендісі Насима Қорғанбекова Telegram-арнасында.

Айта кетейік, Дмитрий Кузнецов бұған дейін павлодарлық «Ертіс» клубында жұмыс істеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →