×

Кабирханға алғашында ресейліктер қиянат жасады - Qazaq Jockey Club төрағасы

Желі қолданушылары енді Кабирханды Ресейге жарысқа жібермеу керектігін айтып жатыр

Кабирханға алғашында ресейліктер қиянат жасады - Qazaq Jockey Club төрағасы
Фото: Dubai Racing Club

Қазақтың шашасына шаң жұқпайтын сәйгүлігі Кабирхан Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесінде топ жарған болатын. Qazaq Jockey Club төрағасы Мақсат Ахаев Дубайға дейін Кабирханның Ресейдегі жарыстарға қатысқанын, ол жақта қиянат жасалғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ресейдегі қарсыластары мықты болды. Бірақ Кабирхан ол жақтың аттарын да шаң қаптырды. Біз екінші келген сайыстарын санамаймыз. Өйткені түрлі-түрлі қиянаттар істелінді. Ал Дубайда бірінші рет шапқанда бәріміз де ойландық. Бұл Ресей емес. Дегенмен, сенімді ақтады. Бірінші жарыста 2 минут 3 секундта мәре сызығын қиды. Келесі жарысында рекордын 3 секундқа жаңартты. Аттың төңірегінде жүрген мамандардың кеудесін мақтаныш кернеп, бір көтеріліп қалды. Бұл аттың әкесі Жапонияда. Осы жеңістен кейін жапондар құттықтап жатыр», – дейді Мақсат Ахаев.

Желіде пікір жазғандар енді Ресейге жарысқа жібермеу керектігін айтып жатыр.

«Ресейге жоламаған дұрыс», «Мақсат аға дұрыс айтып отыр, енді өзімізде бәйгені көтеруіміз керек», «Ресейден неге қорқасыңдар?», «Ресейліктер көре алмайды», «Орыстардың көбісі сат деп жалынған, бірақ иесі көнбеген», «Орыстар допинг қолданды деп бәле жауып жатыр», «Ресейде шаптырмау керек»  деген пікірлер бар.

Айта кетейік, Кабирхан 12 қарсыласын артта қалдырып, Мейдан ипподромындағы 60 мың көрерменнің көзайымына айналды.

Мақсат Ахаев бұл жеңіс қазақ атбегілерінің сөнуге сәл-ақ қалған сәулесін қайта жағумен пара-пар болды деп отыр.

«Мықты жаттықтырушылар, тренер-жокейлер шетелге кетіп қалды. Ұлы көшпенділердің елінде тұрып, аттарды баптап, өсіре алмасақ, ол бізге сын», – дейді Qazaq jockey club төрағасы.

4 жастағы асылтұқымды айғырдың әкесінің аты – Калифорния Хром, енесінің есімі – Литтл Эмили. Кабирхан АҚШ-та туған. 1,5 жасында Кинэленд аукционында сатылған. Кабирханның бүгінгі иесі – Тілек Мұханбетқалиев деген азамат. Енді бұл тұлпар наурыз айында Дубайда өтетін бүкіләлемдік кубокта бақ сынайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады
Кеше, 13:34

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →