Дюдошы Әбиба Әбужақынова журналистердің орысша сұрағына не себепті қазақша жауап беретінін айтты, деп хабарлайды qaz365.kz
Ол спорт журналисі Аслан Қаженовке сұхбат берді. Әңгіме барысында ол орыс тілінде сұхбат бергісі келмейтінін айтты.
«Көп спортшы жарыстан кейін тілшілерге орысша сұхбат береді. Екі қазақ бірімен-бірі орысша сөйлеседі. Мен де орысша білемін, еркін түсінемін. Бірақ орысша сөйлегім келмейді. Таза қазақша сөйлегім келеді. Журналистердің орысша сұрағына тек тек қазақ тілінде жауап беремін. Мен тек қазақша сөйлеймін, орысша интервью бермеймін», – деді Әбиба Әбужақынова.