×

Елена Рыбакина Australian Open чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты

Елена Рыбакина Australian Open чемпионатының жартылай финалына шықты
ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 17-ракеткасы, Ролан Гаррос турнирінің 2017 жылғы чемпионы, латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де латвиялық спортшы басым түскен еді.

Бұл жолы Е.Рыбакина Род Лейвер атындағы орталық аренада өткен матчты брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:1. Содан кейін сетке доп бергенде, мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:2.

Екінші партияда есесіне Е.Остапенко брейкпен алға кетті – 2:0. Дегенмен қазақстандық теннисші сол бойда таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты – 4:2. Содан кейін матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша, бұған дейін Уимблдон чемпионы атанған Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Бір сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 11 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.

Е.Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 24-орында тұрған Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен таласады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →