×

«Сүйінші»: Илья Ильин қазақ халқына қуанышты жаңалығын айтты

Илья Ильин қуанышты жаңалығын бөлісті

«Сүйінші»: Илья Ильин қазақ халқына қуанышты жаңалығын айтты
Фото: olympic.kz

Екінші рет шаңырақ көтерген танымал спортшы Илья Ильин балалы болды. Ол жұбайы Татьяна екеуі ата-ана атанғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сүйінші, қазақ елі! Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтауға болады! Қазақстанның және әлемнің жаңа азаматы Ильина Аили Ильинична болмақ. Бізде жоспарлы кесарь тілігі істеттік. Бәрі жақсы өтті! Бойы: 50 см, салмағы: 3 келі 178 грамм. Бізді қолдағандардың барлығына алғысымыз шексіз! Біз сені қатты жақсы көреміз!», – деп жазды спортшы.

Айта кетейік, 2017 жылы Илья Ильин бірінші жұбайы, гандболшы Наталья Кулаковамен ажырасқан болатын. Олардың арасында Милана есімді қыз бала бар. 2023 жылы қаңтар айында спортшы қайта шаңырақ көтерді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы
21.10.2024ж. 13:14

Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы

Ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген
Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады
Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →