×

«Түнгі клубта жүретін жігіттен чемпион шықпайды»: Шавкат Рахмонов жас спортшыларға ақылын айтты

Шавкат Рахмонов сұхбат берді

«Түнгі клубта жүретін жігіттен чемпион шықпайды»: Шавкат Рахмонов жас спортшыларға ақылын айтты
Фото: almaty.tv

UFC лигасында өнер көрсететін, әлі күнге жеңілмеген қазақ файтері Шавкат Рахмонов (18-0) «Жағың сынса да, сағың сынбасын!» подкастына сұхбат беріп, жас спортшыларға кеңесін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшының сөзінше, түнгі клубта қыдыратын жастардан чемпион шықпайды. Алға мақсат қойған адам соған жету үшін тынбай еңбек ету керек.

«Спорт жолына енді түскен жастарға айтар кеңесім, егер бір жарысқа дайындалып жүрсең, түнде қыдырмау керек. Түнде қыдырып, ары қарай демалып чемпион болған спортшыны көрсете аласыздар ма? Клубқа барып чемпион болып жүрген жігіттерді көрмеппін, есімде жоқ. Мысалы, мен қазір клубқа мүлде бармаймын, өмірімде, жас кезімде 1-2 рет қана барғанмын. Адам алдына мақсат қойса, жан-жағына қарамай, дұрыс ортамен алға қарай басу керек», – дейді Шавкат Рахмонов.

Спортшы сонымен қатар тойға, туған күн кештеріне де бармайтынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →