×

Тұрлыханов па, әлде Головкин бе – Ұлттық олимпиада комитеті басшысы ауысатын күн белгілі болды

Мемлекет басшысы ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесу қорытындысы бойынша спорт федерацияларының қызметіне тексеру жүргізуді тапсырған

Тұрлыханов па, әлде Головкин бе – Ұлттық олимпиада комитеті басшысы ауысатын күн белгілі болды
Коллаж Qaz365.kz

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенованың хабарлауынша, Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамы бойынша мәселе 26 ақпанда шешіледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ұлттық олимпиада комитетінің басшылық құрамы бойынша мәселені ағымдағы жылдың 26 ақпанында Ұлттық Олимпиадалық комитетінің отырысында талқылау жоспарланып отыр», – делінген депутаттарға берген жауабында Тамара Дүйсенова.

Дүйсенованың мәліметінше, Мемлекет басшысы ХІХ жазғы Азия ойындарының жүлдегерлерімен кездесу қорытындысы бойынша спорт федерацияларының қызметіне тексеру жүргізуді тапсырған. Осыған орай, Туризм және спорт министрлігі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арасында 2023 жылдың 19 қазанында №268 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» бірлескен бұйрық бекітілді. 2023 жылдың қазан айынан бастап бұйрыққа сәйкес спорт саласы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Талдау шеңберінде агенттік Спортты қолдау қорының, федерациялардың, өңірлердегі Дене шынықтыру және спорт басқармаларының, Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне және Министрлікке бағынысты ұйымдардың қаржыландырылуы бойынша тексеріс жүргізуде. 

«Сонымен қатар, Бас прокуратураның бастамасымен Үкімет Қаржы министрлігіне және мүдделі мемлекеттік органдарға Спорт федерацияларының мемлекеттік бюджет қаражатын пайдалануының заңдылығын тексеруді тапсырды. Мәселені жүйелі шешу үшін Үкімет спорт федерацияларының қызметін трансформациялау көзделген заң жобасын әзірлеп, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісіне жолдады», – дейді Тамара Дүйсенова.

Бұған дейін елдегі бұқаралық ақпарат құралдары ҰОК басшылығына кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин немесе депутат Дәулет Тұрлыханов келуі мүмкін деп ақпарат таратқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
27.04.2024ж. 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →