×

Олимпиада чемпионы атанған қазақ балуаны 27 жасында көз жұмды

Әзірге балуанның неден көз жұмғаны белгісіз

Олимпиада чемпионы атанған қазақ балуаны 27 жасында көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі bassport.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі күреске арналған парақшалар хабарлады.

Әзірге балуанның неден көз жұмғаны белгісіз. 

Мұхамбет Қуатбек 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасында чемпион атанған. Ол финалда америкалық балуанды жеңді. 

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері. 

Мұхамбеттің қаза тапқанын Қазақстан күрес федерациясының баспасөз хатшысы Аспандияр Есенжолов та растады. 

«АҚШ-тан қайғылы хабар жетті. Тәуелсіз Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек бауырымыз көз жұмды. Балуанның неден қаза тапқаны белгісіз. Жақындарына көңіл айтамыз», - деді Есенжолов. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Министр Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берді
Бүгін, 15:49

Министр Ризабек Айтмұханға жаңа атақ берді

Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасын жаңа спорт дәрежесін алды 
Клубтарды қаржыландыру мәселелері - айтылмайтын тақырып.
Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар
Бұған дейін Рыбакина  екі ойында есе жіберген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →