×

Наурызнама: Алматыда Наурызды мерекелеу аясында спорт күні қалай өтті

Қала аудандарында, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті

Наурызнама: Алматыда Наурызды мерекелеу аясында спорт күні қалай өтті

20 наурызда Қазақстанда Наурызнама он күндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күні өтті. Бұл күні Алматыда аудандарында, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл күні мектеп оқушылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Жетісу ауданының № 110 мектеп-гимназиясында 7-8 сынып оқушыларыарқан тарту, асық ату, тымақ ұру, қол күрес, бұқатарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақсынасты, №7 Оқушылар үйінде «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ұлттық ойыны бойынша оқушыларарасында «Ұлыстың Ұлы күні – ұлттық игі» аттықалалық жарыс өтті. Әуезов ауданының №116 мектебінде оқушылар арқан тарту, асық ату,

тымақұру, бұқа тартыс және тоғызқұмалақ сынды ұлттықспорт түрлерінен бақ сынасты.

Сонымен қатар Наурызнама он күндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күніне арналған мерекелік іс-шара қалалық комьюнити орталықтардың бірінде өтті. Түрксіб ауданында жастар арасында арқан тарту, армрестлинг жәнеасық атудан жарыс ұйымдастырылды. 

Наурызбай ауданында № 76 мектеп-гимназиясында ұлдар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, бестас (шекемтас), қол күрес, ләңгі тебу, арқан тарту, ханталапай және тымақ ұрудан ұлттық ойындар өткізілді. Ұлттық ойындарға 100-ден астам оқушы қатысты.

Алатау ауданында №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бұқа тартыс және теңге алудан жарыстар өтті.

Бостандық ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өткізілді. 200-ден астам жас домбырашы Ер Тұран мен Балбырауын сынды қазақ композиторларының күйлерін тартты.


БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →