Қала аудандарында, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті
20 наурызда Қазақстанда Наурызнама он күндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күні өтті. Бұл күні Алматыда аудандарында, мектептерде және комьюнити орталықтарда көптеген іс-шара өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл күні мектеп оқушылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты. Жетісу ауданының № 110 мектеп-гимназиясында 7-8 сынып оқушыларыарқан тарту, асық ату, тымақ ұру, қол күрес, бұқатарту сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақсынасты, №7 Оқушылар үйінде «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ұлттық ойыны бойынша оқушыларарасында «Ұлыстың Ұлы күні – ұлттық игі» аттықалалық жарыс өтті. Әуезов ауданының №116 мектебінде оқушылар арқан тарту, асық ату,
тымақұру, бұқа тартыс және тоғызқұмалақ сынды ұлттықспорт түрлерінен бақ сынасты.
Сонымен қатар Наурызнама он күндігін мерекелеу аясында ұлттық спорт күніне арналған мерекелік іс-шара қалалық комьюнити орталықтардың бірінде өтті. Түрксіб ауданында жастар арасында арқан тарту, армрестлинг жәнеасық атудан жарыс ұйымдастырылды.
Наурызбай ауданында № 76 мектеп-гимназиясында ұлдар арасында асық ату, тоғызқұмалақ, бестас (шекемтас), қол күрес, ләңгі тебу, арқан тарту, ханталапай және тымақ ұрудан ұлттық ойындар өткізілді. Ұлттық ойындарға 100-ден астам оқушы қатысты.
Алатау ауданында №152 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында арқан тарту, асық ату, бес асық, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, бұқа тартыс және теңге алудан жарыстар өтті.
Бостандық ауданында Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық челленджі өткізілді. 200-ден астам жас домбырашы Ер Тұран мен Балбырауын сынды қазақ композиторларының күйлерін тартты.