×

Қамшыбек Қоңқабаев тағы да жеңіліп қалды

Төрешілердің шешімі екіге жарылды

Қамшыбек Қоңқабаев тағы да жеңіліп қалды
Фото: ашық дереккөзден

Әзірбайжан астанасы Бакуде бокстан дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі басталды. Ел үміт артқан аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қамшыбек Қоңқабаев жарысты ширек финалдан бастаған. Алайда ол Ресей боксшысы Рамазан Карнукаевтан жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі екіге жарылып, 3:2 есебімен Карнукаев келесі кезеңге өтті.

Ресейлік боксшы енді Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалоловпен кездеседі. Егер Қамшыбек жеңгенде Баходирмен 10-шы мәрте жолығар еді.

Айта кетейік, Қоңқабаев биыл Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.

Еске салып өтсек, халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түсіп жатыр. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Екі қабат қолғап киіп аламын: “Челси” ойыншысы “Астанаға” қарсы өтетін матчқа пікір білдірді
Бүгін, 09:48

Екі қабат қолғап киіп аламын: “Челси” ойыншысы “Астанаға” қарсы өтетін матчқа пікір білдірді

Футболшы матчқа қатысатын жас ойыншыларға қандай кеңес беретінін айтты
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай күміс жүлдеге ие болған болатын
Бүгін Азия чемпионатының шаршы алаңында тағы 8 қазақстандық боксшы сынға түседі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →