×

Алматылық Эльдар Дәкен тоғызқұмалақтан ел чемпионы атанды

Жыл сайын 9 қыркүйек «тоғызқұмалақ күні» ретінде белгіленіп, аталып өтілмекші

Алматылық Эльдар Дәкен тоғызқұмалақтан ел чемпионы атанды

Өскемен қаласында тоғызқұмалақтан жастар мен мен жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. 19 жасқа дейінгі ұлдар арасында Алматы қаласының спортшысы Эльдар Дәкен топ жарды,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Эльдар бұған дейін Азия біріншілігінде чемпион атанған. Осы жолы Қазақстан чемпионы атанып отыр.

Жарыстан кейін Алматы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсынның да пікірін білдік.

«Біз Алматыдағы тоғызқұмалақтың дамуы үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. Биыл қалалық әкімдіктің қолдауымен 10 іс-шара ұйымдастырмақшымыз. Күзде Астанада көшпенделілер ойыны өтеді. Содан кейін Алматыда бірінші рет университет және колледж студенттері арасында Қазақстан чемпионаты болады. Одан қатар Президент кубогы мен қала әкімінің ашық кубогы ұйымдастырылады», - дейді Әкім Тұрсын.

Оның айтуынша, сонымен қатар жыл сайын 9 қыркүйекті «тоғызқұмалақ күні» ретінде белгіленіп, аталып өтілмекші. Қыркүйектегі V дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынбақ.

Алматы қаласы былтыр тоғызқұмалақтың астанасы ретінде бекітіліпті. Енді қаладағы аулаларға тоғызқұмалақ тақтасын іліп қоюуды жоспарлап отыр екен.

Жалпы, ел чемпионаты ҚР Туризм және спорт министрлігі, ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы және ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырылды.

 Чемпионатқа 3 қала мен 16 облыстан 367 спортшы келіп қатысқан.  Назарларыңызға тоғызқұмалақтың  рапид және классика түрінен анықталған чемпиондар мен жүлдегерлерді ұсынамыз:

Рапид бойынша:

15 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. ТомирисДәулетбек (Алматы облысы)

2. Малика Асемхаеова (Абай облысы)

3. Елдана Оралбай  (Павлодар облысы)

3.Гульбаха Сайдулла (Абай облысы).

15 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1.Мирас Жұбанғали (Ақтөбе облысы)

2. Нұрхан Тоқтасын (Павлодар облысы)

3. Ернар Еркін (ШҚО)

3. Тұран Дашоев (Астана қаласы).

17 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Мөлдір Жандарбек (Қызылорда облысы)

2. Айым Әлібекқызы (Қостанай облысы)

3. Раушан Әуелбай (Астана қаласы)

3. Айдана Молдабек (Жамбыл облысы)

17 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Тамерлан Сапар (Павлодар облысы)

2. Әзімхан Махмұджан (Астана қаласы)

3. Ілияс Мұхамеджан (Ақмола облысы)

3. Азамат Бимағанбет (Ақтөбе облысы)

19 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Аяна Исахан (Абай облысы)

2. Ақбота Намаз (Түркістан облысы)

3. Әсем Дәуренбекқызы (Қызылорда облысы)

3. Ақжібек Манарбекқызы (Астана қаласы)

19 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1.Эльдар Дәкен  (Алматы қаласы)

2.Жанбау Диас (Ақтөбе облысы)

3. Қайрат Тұрарбек (Ақтөбе облысы)

3. Айдын Жақиев (Қостанай облысы)

21 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Жәмилә Баилдяшева (Павлодар облысы)

2. Аяжан Егінбай (Павлодар облысы)

3. Аружан Салман (Түркістан облысы)

3. Нұрай Ғаниқызы (Қызылорда облысы)

21 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Ерасыл Ауталипов (Павлодар облысы)

2. Дамир Ахметов (Қызылорда облысы)

3. Жұмакелді Тұрақбай (Маңғыстау облысы)

3. Олжас Олжатаев (Алматы облысы).

Классика бойынша:

15 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Айым Назымова (Қостанай облысы)

2. Малика Асемхаеова (Абай облысы)

3. Елдана Оралбай  (Павлодар облысы)

3. Кәусар Әлиханова (Абай облысы).

15 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Арсен Есентай (Алматы облысы)

2. Ибрахим Тұрғынбай (Түркістан облысы)

3. Әли Оспан (Алматы қаласы)

3. Лес Зауытбек (Түркістан облысы).

17 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Аружан Салмен (Павлодар облысы)

2. Виктория Белицкая (Түркістан облысы)

3. Айым Әлібекқызы (Қостанай облысы)

3. Ақерке Құдайберген (Түркістан облысы.)

17 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Айдын Жакиев (Қостанай облысы)

2. Әділет Малдыбек (Қостанй облысы)

3. Ерсұлтан Жалғасбай (Қостанай облысы)

3. Нұрсұлтан Дәулетбек (Алматы облысы)

19 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Аяна  Исахан  (Абай облысы)

2. Ақжібек Манарбекқызы (Астана қаласы)

3. Бекзат Әмір (Қызылорда облысы)

3. Әсел Сейтбекова (Жамбыл облысы).

19 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Алмас Тілегенов (Ақтөбе облысы)

2. Ердәулет Жанәбілов (Алматы қаласы)

3. Нұржан Ақылбек (Қызылорда облысы)

3. Диас Жанбау (Ақтөбе облысы).

21 жасқа дейінгі қыздар арасында

1. Жәмилә Баилдяшева (Павлодар облысы)

2. Аружан Салман (Түркістан облысы)

3. Аружан Оралбекова (Абай облысы)

3.  Аружан Қуатова  (Алматы қаласы)

21 жасқа дейінгі ұлдар арасында

1. Дастан Қалыбек (Шымкент қаласы)

2. Ерасыл Ауталипов (Павлодар облысы)

3. Олжас Олжатаев (Алматы облысы)

3. Жұмакелді Тұрақбай (Маңғыстау облысы).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →