Жедел жәрдем жас жігітті құтқара алмады
Мағыстау облысында MMA бойынша аралас жекпе-жек кезінде 17-жастағы спортшы қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Жекпе-жек кезінде 17 жастағы спортшы К. құлап қалды. Спортшыға алғашқы көмекті «Батыр» спорт кешенінің медициналық қызметкерлері көрсетті, оқиға орнына жедел жәрдем келді, бірақ, өкінішке орай, жас жігітті құтқара алмады», – делінген Маңғыстау облысының Nomad MMA Федерациясының хабарламасында.
Федерация мәліметінше, турнир басталмас бұрын жаттықтырушы өтінім берген кезде қатысушының жарысқа дайындығын растайтын медициналық анықтама берген.
«Апаттың ащы нәтижесі бәріміз үшін тосын жағдай болды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, оның шеңберінде құзыретті органдар болған оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеп жатыр. Біз жақын-жандарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген хабарламада.
Облыстық чемпионат 30-31 наурыз аралығында NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында «Батыр» спорт кешенінде өткен. Турнирге 300-ге жуық спортшы қатысқан.
Айта кетейік, Nomad MMA-қазақстандық аралас жекпе-жек стиліндегі спорт түрі, онда жауынгерлер қолдарымен және аяқтарымен соққы техникасын, сондай-ақ күрес техникасын пайдалана отырып, толық байланыста жарысады.