×

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды

Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны

Ғалия Тынбаева алғаш рет Grand Slam чемпионы атанды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысында қазақ қызы Ғалия Тынбаева чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол финалда Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазованың (AIN) осал тұсын тапты. Отандасымыз екі рет вазари әдісін қолданды. Бұл Ғалия Тынбаеваның спорт мансабындағы әлемдік Grand Slam жарысының алғашқы алтыны. 

Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді ұтқан болатын.

Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің жеңімпазы ретінде әлемдік рейтингте Ғалия Тынбаеваның қоржынына 1000 ұпай қосылады. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam басталды. Әлемдік дода ережесі бойынша 1 орын үшін 1000, 2 орын үшін – 700, ал 3 орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады. Олимпиадаға рейтингтік ұпай үлестретін соңғы Grand Slam 12 мамырға дейін жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді
Бүгін, 10:11

Азат Мақсұмның UFC-дегі жекпе-жегі қашан өтеді

Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетті.
Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті
Құрамамыздың еншісінде үш ұпай ғана бар.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →