V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңыңда
V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының қарсаңыңда Жетісу облыстық тоғызқұмалақ федерациясының қолдауымен “RESPUBLICA” партиясының кубогы үшін тоғызқұмалақтан жасөспірімдер және ересектер арасындағы Жетісу облыстық турнирі өтеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Онда Жетісу облысының барлық аудан-қалаларынан жасөспірімдер және ересектер қатысады. Спортшылардың саны 100 қатысушыдан асады. Сонымен қатар, аталған жас ерекшеліктерімен қатар, ұлдар және қыздар командалары да бөлек сайсқа түсетін болады. Жеңімпаздар және жүлдегерлерге “RESPUBLICA” партиясының атынан кубок, медальдармен қатар, қомақты қаржы да қарастырылған.
Тоғызқұмалақтың шығу тарихы 4 мың жылдық кезеңді қамтиды. Ал кейбір мамандардың айтуынша, оның пайда болған кезі бұдан да көп уақыт болуы әбден мүмкін. Тоғызқұмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын. Қазақи аңыздарға сенетін болсақ, тоғызқұмалақ ойынын қарапайым қойшылар ойлап тапқан.
Соңғы деректерге қарағанда, тоғыз-құмалақ сынды ойындар ертеректе арифметикалық есептер үшін пайдаланылып, кейін келе есептеу әдістері ұмытылғанға ұқсайды.