×

Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовтің турнирінің жеңімпаздары анықталды

Биыл бұл жарыс 27-ші рет жалауын желбіретті

Бокстан Сағадат Нұрмағамбетовтің турнирінің жеңімпаздары анықталды
Ашық дереккөздерден

Жылда мамыр айында Алматыда Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, генерал, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған халықаралық бокс турнирі өтеді. Биыл бұл жарыс 27-ші рет жалауын желбіретті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сағадат Нұрмағамбетов турнирі биыл батырдың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Жеңімпаздардың есімі дәл туған күнінде анықталды.

Осы жолы турнирге еліміздің барлық өңірінен және Армения мен Әзірбайжан, Қырғызстан мен Өзбекстан, Түрікменстан мен Тәжікстаннан 150-ге жуық спортшы келді. Жарысты әдеттегідей, ҚР Қорғаныс министрлігінің орталық спорт комитеті ұйымдастырды. 

«Биыл елімізде ерекше жыл болып жатыр. Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығы. Бүкіл қазақ елі қарсы алып жатыр. Бүгін ақтық күні. Финал бүгін болады. ЦСКА командасынан финалға үш жігітіміз шыққан, жыл сайын дәстүрге айналдырған турнирімізді бұдан да мықты жасаймыз», - деді  ҚР Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің төрағасы Арман Әбеуов.

Алматы шаршы алаңында Нұрсұлтан Аманжолов, Фарух Тоқтасунов секілді халықаралық жарыстарда оза шауып жүрген боксшылар да қатысты.

Сонымен мына боксшылар өз салмақтарында жеңіске жетті:

Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған турнирдің жеңімпаздары: 2024.
48 келі: Нұрзат Оңғаров (Жамбыл облысы)
51 келі: Төлепберді Сүлеймені (Шымкент)
54 келі: Ақылтай Рабатов (Алматы облысы)
57 келі: Бағлан Кенжебек (Жамбыл облысы)
60 келі: Акмал Убайдов (Тәжікстан)
63,5 келі: Омар Ливаза (Қырғызстан)
67 келі: Харокян Акопкахян (Армения)
71 келі: Нұржан Амангелді (Жамбыл облысы)
75 келі: Фарух Тоқтасунов (Алматы)
80 келі: Нұрсұлтан Бейсембаев (Алматы облысы)
86 келі: Еркебұлан Әкімбай (Алматы облысы)
92 келі: Парвиз Каримов (Тәжікстан)
92 келіден жоғары: Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы).

Марапаттау рәсіміне қатысқан Сағадат Қожахметұлының немересі Салық Нұрмағамбетов Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубына спортты кеңінен насихаттауға және Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне турнирді жоғары деңгейде өткізуге қосқан зор үлесі үшін алғысын білдірді.

«Қорғаныс министрлігі спорт комитетінің жыл сайын халықаралық турнирді жоғары деңгейде өткізуі – біздің отбасымыз үшін үлкен мәртебе. Сағадат Нұрмағамбетов атамыз бала кезімізден туған жерге деген сүйіспеншілік, өзгеге деген құрмет сияқты қасиеттерді бойымызға сіңірді. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы турнирдің барлық қатысушыларына шын жүректен алғыс айта отырып, алдағы уақытта Олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттары сияқты ірі жарыстарда жарқын жеңістерге жетулеріне тілектеспін. Бұл турнир кезінде Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов сияқты Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне жол ашқан. Қазіргі қатысушыларға аты аңызға айналған ізашарларының жолын беруін тілеймін», – деді Салық Нұрмағамбетов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Қазақстан Барысы» атауын «Көкбөрі» деп өзгерту керек – Алматыдағы бірлестік тың ұсыныс жариялады
09.06.2024ж. 18:37

«Қазақстан Барысы» атауын «Көкбөрі» деп өзгерту керек – Алматыдағы бірлестік тың ұсыныс жариялады

Бүгін Алматыда өткен жиында бірлестік өкілдері осы мәселені көтерді
60 келіде күресетін үш балуан олимпиадалық рейтингке енген еді
Былтыры қазақ баласы Аустралия ашық біріншілігінде сенсация жасаған болатын
Черчесов Қазақстан құрамасын баптауға неге келісім бергенін түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →