×

Ресейлік футбол аңызы "Қайрат" клубына бас бапкер болып тағайындалды

"Қайрат" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Ресейлік футбол аңызы "Қайрат" клубына бас бапкер болып тағайындалды
Фото: “Қайрат” футбол клубы

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Александр Кержаков тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Александр Кержаков Ресей футболының (233 гол), санкт-петерборлық "Зениттің" (161 гол), Ресей құрамасының (30 гол) тарихындағы үздік сұрмергені атанған.

Ойыншы ретінде "Зениттен" бөлек испаниялық "Севилья", швейцариялық "Цюрих" пен Ресейдің "Динамо" (Мәскеу) командаларында ойнаған.

УЕФА, Испания кубогы мен суперкубогының, Швейцария Кубогының иегері.  

Александр бапкерлік мансабын 2017 жылы "Зенит" футбол кулбы академиясында бастады.

2018-2020 жылдар аралығында Ресейдің 17, 18, 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған. 

Сондай-ақ ол ресейлік "Томь" және "Нижний Новгород", кипрлік "Кармиотисса" мен сербиялық "Спартак" Суботица футбол клубтарын баптаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл
Бүгін, 04:47

Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл

Ол Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Марат Мықтыбековпен бірнеше рет кездесіп, мәселені көтергенін жеткізді.
Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.
Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →