×

Магомед Адиев қызметінен кетті

Оның орнына ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалады

Магомед Адиев қызметінен кетті
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) президенті Әділет Барменқұловтың футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жаттықтырушылар штабының кездесуі өтті.

Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдай себеп болғанын айтты.

Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері басқарып келді. Қазақстан премьер-лигасында қарағандылық "Шахтерді" жаттықтырған. Оның бапкерлік карьерасында "Чайка", "Ахмат", "Анжи" және "Легион Динамо" командалары да болды.

Осы жылдың сәуірінде ол "Ахмат" ФК бас бапкері болып тағайындалған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →