×

Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиада ойындарына барады

Қарсыласын нокдаунға жіберді

Назым Қызайбай алғаш рет Олимпиада ойындарына барады
Ашық дереккөздерден

Бокстан Таиланд астанасы Бангок қаласында Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан жолдама алып үлгермеген алты боксшысын апарған. Оның үшеуі ұтылып, үшеуі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz 

Атап айтсақ, әйелдер арасында 50 келіге дейін салмақта Назым Қызайбай  ширек финалда солтүстікореялық Канг СУ Хуангты жеңіп, алғаш рет Олимпиадаға қатысатын болды. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған.

Сондай-ақ Валентина Хальзова (75 келі) да жолдамаға иелік етті. Қазақстандық боксшы 1/4 финалда колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен кездесіп, басым түсті.

Ерлерден 63,5 келідегі Мұхамедсабыр Базарбайұлы да Парижге баратын болды. Ол бүгін Молдова өкілі Александр Параскивтен 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасы өз тарихында үшінші рет толық құрамда Олимпиада жүлдесіне таласады.

Бұған дейін еліміздің ерлер құрамасында Олимпиадаға Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жолдама алып қойған болатын. Осылардың қатарына Мұхамедсабыр Базарбайұлы қосылды.

Әйелдерден Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жолдама иелік ете алмай, жарыс жолын ерте аяқтады. 

Әйелдер құрамасында Карина Ибрагимова (57 келі) Париж Олимпиадасына жолдаманы былтыр Азия ойындары кезінде алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды
20.04.2025ж. 14:29

Алматыдағы марафонда екі адам қайтыс болды

Екеуі де жартылай марафонys4 21,1 км қашықтығына тіркелген
Жартылай финалдық кездесулер 29–30 сәуір күндеріне жоспарланған
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Алматыда мәнерлеп сырғанаудан даярлау үшін тиісті жағдайдың жоқтығы туралы айтқан болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →