×

Нұрәлі Әліп гол соққанда есімін атамаған ресейлік комментатор жанкүйерлердің наразылығын тудырды

Матчтан кейін марапаттау рәсімінде отандасымыз кубокты көтерем деп, басын жарақаттап алды

Нұрәлі Әліп гол соққанда есімін атамаған ресейлік комментатор жанкүйерлердің наразылығын тудырды
Фото: Instagram/zenit_spb

Футболдан Ресей кубогының суперфиналында «Зенит» пен «Балтика» жолыққан. Осы ойынның 95-минутында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп бұрыштамадан кейін жеңіс голын соқты. Бірақ осы кездегі орыс комментаторының айтқаны қазақстандық жанкүйерлерге ұнаай қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қызығы сол, «Матч ТВ» арнасында ойынды жүрген ресейлік комментатор қазақ футболшысының есімін атамай қойды. Комментатор «бұл голды Тимощук жасады» деп айқалайды. 

Анатолий Тимощук – бұрынғы украиналық футболшы. Ұзақ жылдар Ресейдің «Зенит» клубында ойнаған. Қазір бас бапкер Сергей Семактың көмекшісі.Бір кездері Алматының «Қайратында» да доп тепкен. Нұрәлі Әліптің «Зенитке» ауысуына аз-кем ықпалы тисе керек. 

Айтпақшы, матчтан кейін марапаттау рәсімінде отандасымыз кубокты көтерем деп, басын жарақаттады. Осыдан кейін «Зенит» ойыншылары жеңісті тойлауды жалғастырды. Кубокқа түк болған жоқ, ал Әліп едәуір жараланып қалды.

«Мен кубоктің қақпағы жабысып тұратын шығар деп ойладым. Алайда жабыспаған екен, тура басыма түсті. Алғашында түк етпейді деп ойлағам. Сөйтсем қанап жатыр екен. Жерге отыра кеттім, қатты ауырды, әрі қарай не болғанын видеодан көрдіңіздер. Қазір барып тіктіремін. 4-5 см жыртылып кеткен. Тіпті, Тороппен соқтығысқанда (Тороп – ЦСКА қақпашысы) мұндай ауыр соққы болған жоқ», - деді Әліп матчтан кейін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Рыбакина топ жара ала ма: Олимпиадаға баратын қазақстандық теннисшілер тізімі жарияланды
Кеше, 16:43

Рыбакина топ жара ала ма: Олимпиадаға баратын қазақстандық теннисшілер тізімі жарияланды

Регламент бойынша теннисшілердің ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары негізге алынған
Енді Түркия 6 шілде күні Нидерланд құрамасымен ширек финалда кездесуі мүмкін
Бұған дейін депутаттар тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →