×

«Қарыз болып қалғым келмейді»: Жаңа бапкер Станислав Черчесов Ұлттық құрамаға Ресейден ойыншы әкеле ме

Жаңа бапкер сырттан легионер шақырып, ұлттық құрама жаңа ойыншы қосуға қатысты көзқарасын айтты

«Қарыз болып қалғым келмейді»: Жаңа бапкер Станислав Черчесов  Ұлттық құрамаға Ресейден ойыншы әкеле ме
Фото: sport5.by

Жақында Ресейден белгілі бапкер Станислав Черчесов келген болатын. Ол Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстады. Бүгін баспасөз мәжілісін өткізіп, журналистердің сұрағына жауап берді. Тәжірибелі маман сырттан легионер шақырып, ұлттық құрама жаңа ойыншы қосуға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Мен натурализацияны жақсы көрмеймін. Ресей құрамасында жүргенде мұндай тәжірибе болған (бразилиялық қақпашы Гильермо мен қорғаушы Марио Фернандес және шабуылшы Ари – ред). Егер төлқұжаты болса, қарастырамыз. Бірақ оған өтініш жасап, шақыру қажет емес. Өйткені сосын оның алдында қарыздар болып қаласың. Ал менің ешкімнің алдында қарыз болу жоспарымда жоқ», – деді Станислав Черчесов.

Айта кетейік, ресейлік маман 3 маусымға ресми түрде бас бапкер болып тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, ресейлік маманға жылына 1,2 млн еуро жалақы төленбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өзіне көп алады»: боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видео түсірді
Кеше, 15:06

«Өзіне көп алады»: боксшы Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлын әжуалап видео түсірді

Жәнібек Әлімханұлының жанкүйерлеріне бұл видео ұнамаған
Жас өрен 41 келіге дейін салмақта ел намысын қорғады
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады
Англия осымен екінші Евроның финалында есе жіберді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →