×

«Неге қайта-қайта қазақша сұрақ қоя бересің?»: Ресейлік бапкер қазақ журналисіне ұрысып тастады

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Астанада алғаш рет баспасөз мәжілісін өткізді

«Неге қайта-қайта қазақша сұрақ қоя бересің?»: Ресейлік бапкер қазақ журналисіне ұрысып тастады
Фото: РФС

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Астанада алғаш рет баспасөз мәжілісін өткізді. Жиын барысында журналист Нұрсұлтан Құрманның қайта-қайта қазақша сұрақ қойғаны ресейлік маманға ұнамай қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Нұрсұлтан Құрман бастапқыда қазақша қойған сұрағын ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов орысшаға аударып берген. Ал кезекті рет қазақша сауал тастағанда Станислав Черчесов ренішін айтты.

«Неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілім осетин тілінде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», –  деді ресейлік бапкер.

Айта кетейік, Станислав Черчесов бұған дейін Венгрия, Польша чемпионаттарында клубтарды жаттықтырған. Ресей құрамасының да тізгінін ұстаған. Былтырдан бері жұмыссыз жүрген еді. Жақында Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті алмастырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы
21.10.2024ж. 13:14

Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы

Ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген
Бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі төртінші жеңісі саналады
Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік штабына көмектесіп, боксшыларды құрлықтық біріншілікке дайындайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →