×

Семейде БАҚ өкілдері футболда бақ сынады

Аймақтық БАҚ өкілдерінің арасындағы шағын футбол ойыны болды

Семейде БАҚ өкілдері футболда бақ сынады

Алда келе жатқан Журналистер күніне орай (28 маусым) мерекелік шаралар соңғы екі тәуліктен-ақ жалауын көтерді. Нақты айтқанда, «ABAI MEDIA WEEK 2024» журналистер форумы аясында Абай облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соның ең қызықты әрі тартысты өткені шағын футболдан өткен аймақтық БАҚ өкілдерінің арасындағы шағын футбол ойыны болды. Бұл жарысқа Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының «018.KZ - ABAIAQPARAT», «SEMEI TV», «ТВК - 6», «Менталист» және «Көкпекті», «Өскемен» командалары қатысты.

Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев пен Абай облысы әкімінің кеңесшісі, белгілі журналист Азамат Қасым жарысқа қатысушы БАҚ өкілдерін келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ футзалдан 2023-24 жылғы маусымдағы Қазақстан чемпионы «Семей» ФК ойыншылары Рауан Атантаев пен Ринат Төреғазин ойын қатысушыларына жылы лебіздерін білдірді.

Қызыққа толы көріністерімен көз тартқан ойын нәтижесі бойынша «Өскемен» командасының ойыншысы Жангелді Сайндолда «Үздік қақпашы» атанса, «018.KZ - ABAI AQPARAT» командасының ойыншысы Ерасыл Оспанов «Үздік ойыншы» болып үздік шықты. 
Турнирдің бас жүлдесін «Өскемен» командасы (капитаны облыстық «Дидар» газетінің басшысы Серік Әбілхан) иеленіп, 250 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы мен арнайы кубок табыс етілді.

«Бұл әріптестік әрі жолдастық кездесу Абай облысы мен ШҚО журналистері арасындағы ынтымақтастықтың бір көрінісі деуге болады. Бұйырса,  бұл шығармашылық спорттық байланысымыз маусымының 29-ы Өскеменде жалғасатын болады», – дейді «Дидар» газетінің бас редакторы С. Әбілхан.

Шағын футболдың ІІ орын тұғырына 150 мың теңге ақшалай сыйақы және арнайы кубокпен «Көкпекті» командасы көтерілді. Ал, ІІІ орын 100 мың теңге ақшалай сыйақы мен кубок «Менталист» командасына (Абай облыстық ішкі саясат басқармасы) бұйырды.

Журналистер арасындағы осынау қызықты кездесу «Abay Media Group» ЖШС (директоры М. Малғаждаров) ұйымдастыруымен жоғары деңгейде атап өтілді.

Сәтжан Қасымжанұлы,
Абай облысы

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсациялық жеңіс: Теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Бүгін, 09:27

Сенсациялық жеңіс: Теннисші Александр Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған
«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы анықталды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →