×

Рыбакина топ жара ала ма: Олимпиадаға баратын қазақстандық теннисшілер тізімі жарияланды

Регламент бойынша теннисшілердің ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары негізге алынған

Рыбакина топ жара ала ма: Олимпиадаға баратын қазақстандық теннисшілер тізімі жарияланды
Фото: olympic.kz

Қазақстан теннис федерациясы Париждегі Олимпиада ойындарына қатысатын теннисшілердің тізімін жариялады. Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Регламент бойынша теннисшілердің ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары негізге алынған. Нәтижесінде құрама сапында 5 теннисші жарысқа аттанады. 

Жекелей сында:

• Елена Рыбакина
•  Юлия Путинцева
•  Александр Бублик
• Александр Шевченко

Жұптық сайыста:

• Александр Бублик/Александр Недовесов.

Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) А.Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасы Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берген.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бір күнде Түркияда қаһарман атанған футболшы енді жазаланбақшы
03.07.2024ж. 17:40

Бір күнде Түркияда қаһарман атанған футболшы енді жазаланбақшы

Енді Түркия 6 шілде күні Нидерланд құрамасымен ширек финалда кездесуі мүмкін
Бұған дейін депутаттар тоғызқұмалақ ойынының атауын өзгертуді ұсынған еді
Жаңа бапкер сырттан легионер шақырып, ұлттық құрама жаңа ойыншы қосуға қатысты көзқарасын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →