×

Париж Олимпиадасына Қазақстанның атынан қанша спортшы баратыны белгілі болды

Лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды

Париж Олимпиадасына Қазақстанның атынан қанша спортшы баратыны белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел спортшыларының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берілді. Сондай-ақ лицензиялық турнирлердің қорытындысы жөнінде баяндалды.

Министрдің айтуынша, төрт жылдықтың басты додасына Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

"Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың Олимпиадаға дейінгі оқу-жаттығу жиындары мен спортшыларды қолдау шаралары туралы айтты. Сонымен қатар спортты басқару институттарын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебін берді", - делінген Ақорда хабарламасында.

Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды
Кеше, 17:24

Жетісу облысында инклюзивті спорт кешенінің құрылысы басталды

Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →