×

Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ – федерация президенті

ҚФФ президенті келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді

Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ – федерация президенті
Фото: ҚФФ

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов баспасөз жиынында болған келеңсіз жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін Астанада өткен баспасөз мәжілісінде қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов жекіп тастаған еді.

«Станислав Черчесовке қазақ тілін білудің қажеті жоқ, ең бастысы – біздің менталитетімізді, дәстүріміз бен мәдениетімізді түсінгені маңызды. Ол біздің тілімізде қысқаша сөйлеп, амандаса білуі жеткілікті. Черчесовтан тек біздің тіліміз бен дәстүрімізді құрметтеу талап етіледі, ал ол өз кезегінде ел футболы үшін өзінің барлық түйгенін береді. Черчесовтың қазақ тілін үйренуі бойынша артық мәселе жоқ және біздің журналистер бұл нәрсені дұрыс қабылдады.  Бұл жерде біреудікі дұрыс, біреудікі бұрыс деп айтуға келмейді.  Станислав Саламұлының ерекше мінезінен көпшілік хабардар. Біз, қазақтар, барлығына құрмет көрсетеміз», - деді Әділет Барменқұлов Sport24 тілшісіне берген сұқбатында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
21.03.2026ж. 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →