×

Ресейден келген тағы бір теннисші Олимпиададан бас тартты

Путинцева бүгін Олимпиада кортқа шығып, Қазақстанның намысын қорғауы тиіс еді

Ресейден келген тағы бір теннисші Олимпиададан бас тартты
Ашық дереккөздерден

Қазақстанның намысын қорғап жүрген тағы бір теннисші Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 30-орын) Париждегі Олимпиада ойындарында өнер көрсете алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Путинцева Парижге ұшып барып, ойындарға белсенді дайындық жүргізді. Федерация украиналық Марта Костюкпен ойын алдындағы дайындық кезінд теннисші тізесінің қатты ауырғанын сезді деп отыр.

«Қысқа медициналық тексеруден кейін матчтан бас тарту туралы шешім қабылданды.  Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Уимблдонда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген матчтан кейін Юлия тізесінің ауырып жатқанын айтқан болатын. Соған қарамастан, ол Олимпиадаға дайындалып, барлық қажетті оңалту шараларынан өтті», – делінген теннис федерациясының жауабында.

Федерациясының вице-президенті Диас Досқараев осы жағдайға байланысты пікір білдірді.

«Париждегі Олимпиаданың басталуы біз үшін нағыз сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін біздің командадан жарақатына байланысты Юлия Путинцева ойындарға қатыса алмайтын болды. Екі спортшының да өнеріне үлкен үміт арттық. Елена да, Юлия да Олимпиадада өнер көрсете алмағандарына қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыларымызға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындықтарға қарамастан жаңа жеңістерге ұмтылатын боламыз», - дейді Диас Досқараев.

Айта кетейік, Қазақстанға Ресейден келген теннисшілер бірінен соң бірі Олимпиадаға қатысудан бас тартып жатыр. Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да Парижге келмей қалған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді
Кеше, 23:43

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасынан Париж Олимпиадасына барлығы 8 дзюдошы қатысты
Ол финалда әзірбайжандық спортшы Хетаг Карсановті таза жықты
Спортшы 10 жылдан бері халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →