×

«Жарақат болса да шыдайтын едім». Абиба Әбужақынова көз жасын тыя алмады

Әбужақынова Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке енді

«Жарақат болса да шыдайтын едім». Абиба Әбужақынова көз жасын тыя алмады
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Абиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте жеңілуінің себебін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жарақат болса да шыдайтын едім, сол қателік... Қарсыласым швециялық Тара Бабулфат өте қолайсыз, тиімсіз. Әдіс жасатпайды, лақтыра алмайсың. Қаншама әрекет жасадым, бәрібір өзінікін істеді. Қарсылас біліп тұр, сол үшін аяқтан теуіп тұрды. Өкінішке қарай, жүлдеге қол жеткізе алмадым. Барымды салдым. Бірақ, жүлдесіз қалдым, үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер»», - деді Абиба жылап тұрып.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова париж Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болаған еді.

Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.

Өкінішке қарай, отандасымыз Олимпиада ойындарының үшінші айналымында қарсыласына жол берген болатын. Ол қола жүлде үшін өткен матчта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп қалды.

27 жастағы Абиба бұған дейін әлем чемпионатында екі рет қола, Азия ойындарында күміс жүлде иеленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Кеше, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →