Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар
Бүгін Париж Олимпиадасының тоғызыншы күнінде бірнеше қазақстандық жарыс жолына шығады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Боксшылардан ерлерден жарысты жалғастырып жатқан жалғыз боксшы Нұрбек Оралбай финалдың жолдамасын сарапқа салады. Сондай-ақ жеңіл атлет Нора Джеруто шығады.
Жарыс кестесі Астана уақытымен берілген.
12:00. Ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу. Никита Чирюкин.
12:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Іріктеу (екінші күн)
Әсем Орынбай.
13:05. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 3000 м с/п. Бірінші кезең.
Нора Джеруто, Дэйзи Джепкемей.
13:55. Жеңіл атлетика. Әйелдер. 200 метр. Бірінші кезең.
Ольга Сафронова.
14:50. Жеңіл атлетика. Ерлер. 110 м с/б. Бірінші кезең.
Давид Ефремов.
15:52 Бокс. Ерлер. Жартылай финал.
80 келі. Нұрбек Оралбай – Кристиан Хавьер Пиналес (Доминикан Республикасы).
16:00. Оқу ату. Ерлер. Тапаншадан жылдам ату. 25 метр. Іріктеу (екінші). Никита Чирюкин.
18:30. Стендтік ату. Әйелдер. Скит. Финал (Іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
Әсем Орынбай.
Олимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.