×

Қазақстанға спорттық гимнастикадан күміс медаль бұйырды

Бұған дейін отандық спортшылар бір алтын, екі қола медаль алған болатын

Қазақстанға спорттық гимнастикадан күміс медаль бұйырды
Сали Сабиров

Спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов Қазақстанға Олимпиаданың күміс медалін сыйлады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандасымыз тұтқалы ат жаттығуында жүлдеге ие болды. Нариман 15,433 ұпай жинады. Ал ирландиялық Рис Маккленаган (15,533) Олимпиада чемпионы атанды.  

Осылайша, Қазақстан Париждегі төртінші медаліне қол жеткізді.

Бұған дейін отандық спортшылар бір алтын, екі қола медаль алған болатын.

Дзюдошы Елдос Сметов (60 келі) алтыннан алқа тақты.

Дзюдодан Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) Олимпиада турнирінің қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ 10 метрден пневматикалық мылтықпен атудан аралас командалық сайыста өнер көрсеткен Ислам Сәтпаев пен Александра Ле ел қоржынына қоланы сыйлаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →