×

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар елге оралды

Жалпы командалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады

Елдос Сметов бастаған дзюдошылар елге оралды
Фото: Qaz365kz

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Елдос Сметов бастаған қыз-жігіттерді алматылықтар ерекше қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Айта кетейік, дзюдошылар Олимпиаданың алғашқы екі күнінде бір алтын, бір қола медаль жеңіп алды. Алғаш рет Елдос Сметов 60 келіде чемпион атанды. Сондай-ақ 66 келіде Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдеге ие болған.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан жетінші орынға тұрақтады. Жалпы, Париж төрінде Сметов пен Қырғызбаевтан бөлек, Данияр Шамшаев (73 келі), Абылайхан Жұбаназар (81 келі), Нұрлыхан Шархан (100 келі), Абиба Әбужақынова (48 келі), Эсмигуль Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (+78 келі) күресті. Медаль Сметов пен Қырғызбаевқа ғана бұйырды.


БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті
Әлем чемпионатына 67 елден 531 жас татами шебері өзара мықтыны анықтауда

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →