Бас бапкер Демеу Жадыраевтың финалдағы жеңілісінің себебін түсіндірді
Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалында жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Құраманык бас бапкері Юрий Мельниченко шәкіртінің қай жерде қателескенін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бас бапкер Демеу Жадыраевтың финалдағы жеңілісінің себебін түсіндірді
Бүгін Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 келіге дейін салмақта финалда күрескен Демеу Жадыраев күміс медаль еншіледі. Шешуші кезеңде жерлесіміздің қарсыласына есе жіберу себебін бас бапкер түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченконың айтуынша, жапон балуанымен күресте Жадыраевқа жылдамдық жетіспеген.
«Демеу күресті, бірақ аздаған шапшаңдық жетіспеді. Бір кезде сүрініп, тепе-теңдік жоғалтып алды. Бұл сәтті жапон балуаны тиімді пайдаланып кетті. Әрине, өте өкінішті, басынан аяғына дейін күресті, барынша тырысып бақты. Қарсыласы - әлемдік деңгейдегі балуан. Өкінішке қарай, жеңіс Жапонияға кетті.Қалай болғанда да Демеуге жарайсың дейміз, финалға шығып, күміс медаль алды. Қолдау көрсеткен барша жанға алғыс айтамын», - деді Юрий Мельниченко.
Айта кетейік, Жадыраев финалда жапониялық Нао Кусакаға 2:5 есебімен есе жіберді.