×

«Қазақстан боксына реформа қажет». Федерация президенті Париждегі тоқыраудан кейін не өзгеретінін айтты

Париждегі Олимпиадада он боксшының бірде-біреуі алтын ала алмады

«Қазақстан боксына реформа қажет». Федерация президенті Париждегі тоқыраудан кейін не өзгеретінін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан боксшылары Париж Олимпиадасында жанкүйерлерін қуантады. Он спортшы барып, бірде-біреуі алтын ала алмады. Енді ҚР бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп күрделі өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да қателіктер кетті. Енді жіберген оқылықтармен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік. Қазақстан боксына реформа қжает», - деді Шахмұрат Мүтәліп Париждегі тілшілерге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, Қазақстан осымен екінші Олимпиада қатарынан бокстан алтын ала алмады. Токиода екі қола бұйырса, бұл жолы бір күміс, бір қоланы қанағат тұтты.  Осы жолы ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс, әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай қола жүлдені еншіледі. 
Бокс федерациясын бұған дейін бизнесмен Кеңес Рақышев басқарып келген, ал Шахмұрат Мүтәліп басшылыққа осы жылдың ақпан айында сайланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған
Финалға шыққан ұлттық құрамамыздың 12 өкілі де қарсыластарын жеңіп, топ жарды
Қарсыластың төрт голына құрамамыз бір голмен ғана жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →