×

«Краш» деп атап жатыр»: Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қыздар жайлы ойын айтты

Боксшы журналистердің сұрақтарына жауап берді

«Краш» деп атап жатыр»: Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қыздар жайлы ойын айтты
Фото: Оlympic.kz / © Sabirov Sali

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қазақстандық қыздарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Отандық боксшы Олимпиаданың финалына шыққан соң әлеуметтік желіде бойжеткендердің Нұрбекке сезімін білдіріп жатқан видеосы трендке айналды. Жүлдегер де өзіне деген назардың күрт артқанын байқадым, дейді.

Астанаға оралған спортшыдан тілшілердің бірі: «Қыздар сізді «краш» деп атап, сізге тұрмысқа шыққысы келетінін» айтып жатыр. Бұған сіз қалай қарайсыз?» деп сұраған.

«Иә, көрдім. Әзірге үйленетін ойым жоқ. кейін көреміз», – деді спортшы.

Нұрбек – егіздің сыңары. Оның бауыры Айбек те бокспен айналысады, үйленген, екеуі де Париж олимпиадасында тұңғыш рет бақ сынады. Бірақ Айбек жүлдегерлер қатарына іліге алмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады
06.10.2024ж. 13:42

Елдос Сметов пен Нариман Құрбанов референдумда өз таңдауын жасады

Бүгінгі референдум – барша қазақстандықтар үшін маңызды оқиға
Жәнібекң Әлімханұлы кәсіби мансабында он алтыншы жеңіске жетіп, IBF және WBO белбеулерін сәтті қорғады
Бүгінгі бокс кеші Аустралияның Сидней қаласындағы The Star аренасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →