×

Олимпиадада 9-орын алған қазақстандық теннисшіге Астанадан пәтер берілді

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды

Олимпиадада 9-орын алған қазақстандық теннисшіге Астанадан пәтер берілді
Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясы

Үстел теннисі федерациясы спортшыны Парижде жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапаттаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстандық спортшы Кирилл Герасименкоға Астанада екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды. Федерацияның айтуынша, спортшы Париждегі Олимпиада ойындарында жарқын әрі сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды. 

Айта кетейік, Франция астанасында ұлттық команданың басты ойыншысы Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орын алған болатын. Бұған дейін қазақстандықтардың ешқайсысы мұндай нәтижеге қол жеткізбеген еді. Сондай-ақ Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты. 

"Біздің спорт үшін бұл тарихи оқиға. Турнир барысында Кирилл ерік-жігердің мызғымас күшін, сөзсіз шеберлігін, кәсібилігін және нағыз спорттық талантын көрсетті. Ол үстел теннисінің қазақстандық шеберлері әлемдегі ең мықты спортшылармен лайықты бәсекелесе алатынын көрсетті", - деп түсіндірді Қазақстан Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →