Сәрсекбаев бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған болатын
Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев өзің бас бапкерлікке ұсынғандарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Ағайын, мені қолдап, бокс басшылығына шақырып жатқандарыңызға көп рахмет! Бокс туралы жазсам біреудің орнын тартып алайын деп жатыр деп ойбайлайтын хейтерларыма да рахмет! Мен тоқтамаймын, жазамын, айтамын. Қазақ боксы басшысыз қалмас, Айтжанов кетсе Сәтжанов келер», - дейді Бақыт Сәрсекбаев.
Ол дәл қазір бокс тізгінін алуға кім келсе де, ол кісіге оңай болмасы анық, деп отыр.
«Мырзекең жарығын өшіріп, есігін жауып кеткен боксты қайта жандандыруға өте көп күш қажет. Жаңа команда жасақтап, ескі қалдықтардан құтылу да оңай емес. Не де болса жаңа басшылыққа қажымас қайрат, үлкен сәттілік тілейік», - деді Олимпиада чемпионы.
Айта кетейік, Сәрсекбаев бұған дейін қазақ боксшыларының физикалық дайындығын сынаған еді.