×

Боксшы Нұрбек Оралбайға сыйға бермек болған көлік апатқа ұшырады

Тарту етуге жарамсыз болып қалған

Боксшы Нұрбек Оралбайға сыйға бермек болған көлік апатқа ұшырады
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға кәсіпкер достары су жаңа Zeekr көлігін сыйлады. Ал оның сыңары Айбек те сыйсыз қалған жоқ. Оған берілген тарту – 5 млн теңге, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күміс жүлдегерге берілген сый компанияның  ресми парақшасында жарияланды.

«Біз үшін әрдайым ЧЕМПИОН! @oralbay_aibek өзінікін келесі олимпиадада дәлелдейді деп сенеміз «Zeekr» көлігімен болған оқиғаға қарамастан, осындай шешімге келдік. Біз үшін ең бастысы халқымыздың ақ батасы , ал хейт жазып жатқан адамдарға тек қане сәттілік тілейміз!» - делінген жазбада.

Нұрбек Оралбайға алғаш сыйға тартылмақ болған көлік апатқа ұшыраған. Тарту етуге жарамсыз болып қалған. Алайда кәсіпкерлер соған қарамастан екіншісін сыйлап отыр. 

«Бұл бүкіл қазақтың жеңісі. Алла қаласа, күміс медальді алтын қыламыз», - дейді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, дүбірлі додада 80 келі салмақта ел намысын қорғаған боксшы Нұрбек Оралбай финалда украиналық қарсыласы Александр Хижняктан ұтылып, күміс медальді иеленгенде. Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қолаға ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →