×

Париждегі сәтсіздіктен кейін Мырзағали Айтжанов және тағы 10 бапкер қызметтен кетті

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады

Париждегі сәтсіздіктен кейін Мырзағали Айтжанов және тағы 10 бапкер қызметтен кетті
Фото: olympic.kz

Қазақстан боксында кадрлық өзгерістер орын алды. Париж Олимпиадасының қорытындысы бойынша кеңес өткізілді. Бокстан ерлер командасының бапкерлік құрамы толығымен жұмыстан шеттетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан бокс федерациясының шешімі ҚР дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданды.

Осылайша, келесі өзгерістер жайында хабарлаймыз:

1. Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
2. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымы ашылды
11.04.2026ж. 11:15

Елордада «Esil RUN» жазғы жүгіру маусымы ашылды

Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі
Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегі зор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →