×

«Ескерусіз қалды» деген Нариман Құрбановқа демеушілер көлік мінгізді

Оған демеушілер тарапынан көлік берілді

«Ескерусіз қалды» деген Нариман Құрбановқа демеушілер көлік мінгізді
Фото: әлеуметтік желіден

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген қазақстандық Нариман Құрбановтың еңбегі ескерусіз қалмады. Оған демеушілер тарапынан көлік берілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Спортшы Skoda Kodiaq көлігіне ие болды. 

Айта кетейік, бұған дейін отандық спорт гимнастикасы тарихында Олимпиададан тұңғыш жүлде алған Нариман Құрбановтың еңбегі ескерілмеді деген сын желіде қызу талқыға түскен. 

«Сізді Қазақстанда қалай күтіп алғанына көңіліңіз толды ма? Елдос Сметовті қалай қарсы алғанын көрдік. Көлік пен пәтер сыйлап жатыр. Сіз назардан тыс қалдым деп ойламайсыз ба? – деп тілшілер спортшыдан сұраған еді.

Бірақ ол ескерусіз қалғанына ренжімейтінін айтқан болатын. 

«Иә, машина да, үй де берілмеді деген жазбаларды көп оқимын. Бірінші кезекте осындай қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерге алғысым шексіз. Бірақ, мен уақыты келгенде өзіме тиістінің бәрін аламын. Егер одан да артығы керек болса, мен оған ақша табамын. Тек мынаны ғана айтайын: қазір менің өмірімде болып жатқан оқиғалар мені шынымен бақытты етеді», – деген еді атлет.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады
Кеше, 17:20

Атырау облысының барлық ауылы екі жыл ішінде спорттық инфрақұрылыммен қамтылады

Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты
Жетісу ұлттық ойындарды жаңғыртып, жаңа буынға жол ашты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →